"Манчестер Сити" клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холандқа түсетін ішкі қысым туралы ашық пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Испаниялық маманның айтуынша, форвард үшін басты қиындық қарсылас қорғаушылар емес, өзінің жоғары стандарттары.
"Оның басты қиындығы - өз статистикасы мен үміттеріне сай болу қажеттілігі. Ол тым үлкен жауапкершілікті өз мойнына алады. Бірақ дәл сол команданы жерге қаратпауға деген ұмтылысы оны ерекше етеді", - деп береді Гвардиоланың сөзін Football Tweet.
Бапкердің сөзінше, Холанд гол соға алмаған сәттерді ауыр қабылдайды.
"Ол гол соқпағанда қатты уайымдайды. Мен оған: көңіліңді түсірме, сен қолыңнан келгеннің бәрін жасап жүрсің, - деп айтамын", - деді маман.
Ішкі қысымға қарамастан, Холандтың нәтижелілігі жоғары деңгейде. Биылғы маусымда норвегиялық 37 матчқа қатысып, 29 гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, ол АПЛ-да жеңіс голдары бойынша көш бастап тұр.
Еске салайық, Холанд "Манчестер Сити" сапына 2022 жылдың жазында дортмундтық "Боруссиядан" ауысып келген. Осы уақыт ішінде ол екі рет АПЛ чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын жеңіп алды.
Жарнама