Испаниялық бапкер Хосеп Гвардиола Чемпиондар лигасында жүз жеңіске жетіпті, деп хабарлайды УЕФА сайты.
"Манчестер Ситидің" жартылай финалда "Реалды" ұтуы (4:0) жүзінші болды. Пеп осындай жетістікке жеткен үшінші бапкер.
Гвардиола ЧЛ-дегі жеңістеріне "Барселона", "Бавария" мен "Манчестер Ситиді" жаттықтырған уақытында жеткен. Бұл көрсеткіш бойынша одан Алекс Фергюсон мен Карло Анчелотти ғана асып тұр.