Футбол
9 қаңтар 2023 09:26

Гвардиола Бразилия құрамасына қатысты бір шешімге келді

©Twitter/"Мансестер Сити"

"Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола Бразилия құрамасын жаттықтыру ұсынысынан бас тартты, деп хабарлайды "Чемпионат".

Mirror мәліметінше, Бразилия құрамасының өкілдері Гвардиоланың ағасы әрі агенті Переге бапкердің ұлттық команданы жаттықтыруға қызығушылығы бар ма деп алдын ала сұраныс жасаған. Хосеп бұл ұсыныстан бас тартып, "Манчестер Ситиде" бітпеген ісі барын айтқан екен. Мұның алдына Бразилия командасынан Тите кеткенін айта кетейік. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport