"Барселона" командасының тәжірибелі қақпашысы Марк-Андре тер Штеген алдағы уақытта клуб пен чемпионатты ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Fichajes порталының мәліметінше, 33 жастағы неміс қақпашысы "Манчестер Сити" клубының назарына ілінген.
Ағылшын клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола тер Штегенді Эдерсонға балама ретінде қарастырып отыр. Айта кетейік, бразилиялық қақпашының командадан кетуі мүмкін екені жайлы сыбыстар тарауда.
Өткен маусымда тізе жарақатына байланысты тер Штеген небәрі 11 матч қана өткізді. Дегенмен оның тәжірибесі мен шеберлігі еш күмән туғызбайды.
Неміс қақпашысының "Барселонамен" келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды. Оның трансферлік құны қазіргі таңда шамамен 12 миллион еуро деп бағалануда.
Егер "Манчестер Сити" бұл келісімді жүзеге асыруға шешім қабылдаса, онда бұл Ла Лига мен АПЛ арасындағы ең даулы трансферлердің бірі болуы мүмкін.
Жарнама