Гвардиола бапкерлік карьерасында алғаш рет маусымды өте нашар бастады

© smotrisport.tv
Испаниялық бапкер Хосеп Гвардиола карьерасында топ деңгейдегі маусымды өте нашар бастады, - деп хабарлайды OptaJoe.

Испаниялық маман жаттықтыратын "Манчестер Сити" Англия чемпионатының 12 тур қорытындысы бойынша 25 ұпай жинады. Соңғы ойнында манчестерліктер "Ливерпульден" 1:3 есебімен ұтылды.

Гвардиола "Ситиді" 2016 жылдан бері жаттықтырып келді. Оның жетекшілігімен команда Англия премьер-лигасын екі рет, Лига кубогы мен ел Суперкубогын ұтқан. Сондай-ақ Англия кубогын да иеленген.

Қазіргі кезде "Манчестер Сити" АПЛ турнир кестесінде төртінші келеді.