"Манчестер Ситидіі" бұрынғы бапкері Пеп Гвардиола 2026 жылғы "Алтын допты" қай футболшы алуға лайық екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Гвардиоланың таңдауы
"Харри (Кейн) бұған лайық. Оның жетістіктері, соққан голдары, тұрақтылығы және команданы күшейте алатыны – менің ойымша, "Алтын доп" иегерін анықтауда ескерілуі тиіс негізгі факторлар. Ол керемет маусым өткізді. Егер менен сұрасаңыз, "Алтын доп" Харри Кейнге берілуі керек", – деді Гвардиола Sky Sports басылымына берген сұхбатында.
Өткен маусымда Кейн "Бавария" сапында барлық турнирде 51 матч өткізіп, 61 гол соқты. Англия құрамасының капитаны мюнхендік клубтың Германия чемпионаты мен Кубогын жеңіп алуына да үлес қосты.
"Алтын доп-2026" қашан табысталады?
2026 жылғы "Алтын допты" табыстау рәсімі тарихта қалмақ. France Football мен УЕФА ұйымдастырушылары 70 жыл ішінде алғаш рет марапаттау кешін Парижден тыс жерде өткізеді.
Салтанатты рәсім 26 қазанда Лондонда өтеді. Бұл шешім аталған жүлденің алғашқы иегері, ағылшын футболының аңыз ойыншысы сэр Стэнли Мэттьюзге құрмет көрсету мақсатында қабылданған.
Еске салайық, былтырғы "Алтын допты" "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Усман Дембеле иеленген болатын.
Жарнама