"Манчестер Ситидің" бас бапкері каталондық Хосеп Гвардиола мадридтік "Реалдың" жетекші ойыншысын сатып алуға ниеттеніп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Гвардиола Вальверде команданы сөзсіз күшейтеді деп санайдыFichajes мәліметінше, 54 жастағы "қалалықтардың" басшысы жартылай қорғаушы Федерико Вальвердені келесі трансферлік кезеңге көздеп отыр. "Реалдың" вице-капитаны саналатын уругвайлық футболшы бірнеше жылдан бері Гвардиоланың қысқа тізімінде ерекше орын алып келеді.
Гвардиоланың ойынша, 27 жастағы хавбектің әмбебаптығы мен жоғары қарқыны "Ситидің" ойын стиліне сай келеді, ал футболшының өзі бірнеше ардагер кеткеннен кейін жаңарудан өтіп жатқан орталық аймақты күшейте алады.
"Реалдың" позициясы және қаржылық мәселеМадридтік клуб Вальвердені сатылатын актив деп есептемейді. Оның команда ішіндегі орны берік, әрі ұзақ мерзімді келісімшарты бар. Алайда басшылық норвегиялық "Ман Сити" шабуылшысы Эрлинг Холандты көздеп отыр. Мұндай мүмкіндік ерекше саналатындықтан, клуб бұрын мүмкін емес көрінген ұсыныстарды да қарастыруға дайын болуы ықтимал.
"Корольдік клуб" 25 жастағы форвардқа белсенді қызығушылық танытып отыр, оның бағасы - 180 миллион еуро. Ал Вальверденың трансферлік құны 130 миллион еуро мөлшерінде.
Вальверде болашағы туралы нақты мәлімдеме жасамай, назарын қазіргі маусымға аударғанын айтады. Дегенмен оның айналасы Гвардиоланың қызығушылығы футболшыға жағымды әсер ететінін жасырмайды.
Биылғы маусымда уругвайлық ойыншы 15 матч өткізіп, төрт нәтижелі пас берді.