Гус Хиддинк карьерасын аяқтады

10 қыркүйек 2021 10:40
©РФФ

74 жастағы голландиялық бапкер Гус Хиддинк карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол SBS 6 телерансына берген сұхбатында айтты. Маман 2020 жылдан бері Кюрасао құрамасын жаттықтырып келеді.

"Кейінгі кезде коронавирус салдарынан жұмыс істемедім. Басшылықпен кеңесе келе, олар басқа әдіс қолданғысы келетіндіктен үзіліс алды, ал мен осымен мүлде тоқтаймын", - дейді Хиддинг.

Еске салайық, Гус 2006 мен 2010 жылдар аралығы Ресей құрамасын жаттықтырып, Еуро-2008 турнирінің қола жүлдегері еткен. Сонымен бірге, ол Нидерланды, Оңтүстік Корея, Австралия, Түркия, Қытай құрамалары мен "Челси", "Фенербахче", "Реал" және тағы басқа клубтарды жаттықтырған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport