Гуральскийдің ізбасары Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды

©kff

21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов ЕУРО-2023 іріктеу турнирінің ойындары алдында құраманың тізіміне өзгеріс енгізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойыншыладың тізімін алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Андрей Ульшин толықтырды. Ол осы іріктеу кезеңінде жастар құрамасының үш ойынына қатысқан болатын.  

Қазақстан U-21 құрамасы 4 маусым күні Даниямен, ал 10 маусым күні Түркиямен ойнайды. Екі матч та сырт алаңда өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport