Футбол
17 қазан 2022 15:31
 

Грузия мен "Қайраттың" бас бапкері ҚПЛ клубының тізгінін ұстауы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Грузия мен "Қайраттың" бас бапкері ҚПЛ клубының тізгінін ұстауы мүмкін ©"Қайрат" ФК

Алматы қаласында өткен "Қайрат" пен "Астана" арасындағы кездесуге гриузиялық маман Кахабер Цхададзе келді. Ойыннан кейін Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында маман Қазақстанға не үшін келгенін және алдағы жоспары туралы айтып берді. 

blog.share

Алматы қаласында өткен "Қайрат" пен "Астана" арасындағы кездесуге гриузиялық маман Кахабер Цхададзе келді. Ойыннан кейін Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында маман Қазақстанға не үшін келгенін және алдағы жоспары туралы айтып берді. 

"Мені бұл кездесуге арнайы шақырды. Алматыға қайта келгеніме қуаныштымын. Қазақстанға қайта оралуым мүмкін бе? Барлығы мүмкін. Биыл бірнеше команда ұсыныс жасады. Әрине, бапкерлік жұмысымды жалғастыра беремін. Келесі жылы анық бір команданың тізгінін ұстау керек. ҚПЛ командасының жаттықтырушысы да болуым мүмкін. 

Қазақстан құрамасы? Сіздердің құрамаларыңыз үшін қуаныштымын. Бұл тарихи көрсеткіш. Иә, мен Қазақстанның Ұлттар лигасында Грузиямен кездесіп қалуы мүмкін екенін білемін. Бұл қызық ойын болайын деп тұр", - деді бапкер. 

Еске салайық, Цхададзе 2016 және 2017 жылдары "Қайраттың", ал 2018 және 2020 жылдары "Ордабасының" бас бапкері болды. 2022 жылдың маусым айында маман тбилисилік "Динамо" командасының бас бапкері қызметінен кетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!