Футбол
28 маусым 2022 19:01

Грузия құрамасының шабуылшысы қазақстандық клубқа ауысады

©"Тараз" ФК

Грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе қазақстандық "Қызыл-Жар" командасымен келісімшарт жасауға жақын, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы. 

Петропавловск қаласының командасы Конференция лигасы алдында шабуылшы іздеген. Шамасы клуб басшылары мен бапкерінің таңдауы осы Лобжанидзеге түскен секілді. 

29 жастағы шабуылшының соңғы командасы батумилік "Динамо" болды. Оған дейін Лобжанидзе Қазақстан "Тараз", "Қайсар" және "Тобыл" командаларының намысын қорғаған. 

Ал Грузия құрамасы сапында ол 11 ойын өткізген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport