Грузия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатның плей-офф кезеңіне өтті, деп жазады Vesti.kz.
Гельзенкирхенде өткен F тобының үшінші тур матчінде Вилли Саньоля жаттықтыратын команда Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасын 2:0 есебімен ұтты.
Грузиялықтардың белді ойыншысы Хвича Кварацхелия екінші минутта-ақ есеп ашты.
Екінші таймның 57-минутында Жорж Микаутадзе пенальтиден есепті еселеді.
Айта кетейік, алаңда нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмаған Роналду 65-минутта алмастырылды.
Осылайша, Грузия төрт ұпай жинап, плей-офф кезеңге өтті. Ал португалиялықтарда алты балл.