Футбол
21 желтоқсан 2021 15:19

Грузия чемпионатының үздік сұрмергені мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

©

"Динамо" (Тбилиси) командасының сербиялық шабуылшысы Зоран Марушич қысқы трансфер аралығында ҚПЛ клубына ауысады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz сайты.

28 жастағы шабуылшыға Қазақстанның бірнеше клубтары қызығушылық танытып отыр. Футболшының агенттері "Шахтер", "Тұран", "Атырау" және "Ақтөбе" клубтарымен келіссөздер жүргізген екен.

Айта кетейік, өткен қыста "Атырау" Марушичпен келісімшартқа отыруға жақын болған, бірақ сербиялық шабуылшы соңғы сәтте "Динамоға" ауысу туралы шешім қабылдады.

Грузия чемпионатында Марушич 26 ойында 16 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Осылайша, маусымның үздік сұрмергені атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport