Гризманн "Барселонадан" кетіп "Ювентусте" Роналдуның орнын басуы ықтимал

Сурет: REUTERS

Франция құрамасының шабуылшысы Антуан Гризманн "Барселонадан" кетуі ықтимал, деп хабарлайды Sport.es.

Футболшыға "Ювентус" көз тігіп отырғанға ұқсайды. Ол туриндік клубта Криштиану Роналдуның орнын басуы мүмкін. Португалиялық ойыншы да жазда "Ювентус" сапынан кетеді деп күтілуде. 

Италиялық клуб қаржылық тұрғыда қиын жағдайда болғандықтан "Барселона" Гризманнды кейін сатып алу құқымен жалға беретін сияқты. 

Еске салайық, Ла Лиганың биылғы маусымында 30 жастағы франциялық 35 матчте 12 гол салып, жеті ассист жасады. 

Жаңалықтар