auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Григорий Бабаян ЦСКА командасынан кеткеніне байланысты пікір білдірді

Григорий Бабаян ЦСКА командасынан кеткеніне байланысты пікір білдірді
©cskanews.com

ЦСКА командасының бапкері Григорий Бабаян мәскеулік ұжымның бапкерлер қосынынан неге кеткенін айтып берді. 

Бүгін, 15 маусым күні ЦСКА командасы Алексей Березуцкийдің қызметінен босатылып, жаңа бас бапкердің тағайындалғанын мәлімдеді. 

"Маусым аяқталғаннан кейін ЦСКА командасының бапкерлері қатарынан кететінімді айттым. Басшшылық ол кезде асықпауымды сұрап, екі-үш апта ойлан деді. Бірақ қазір мен үшін карьерамда келесі қадамды жасау маңызды. 

Мен үлкен клубта бас бапкердің көмекшісі ретінде жақсы жұмыс істедім. Жаңа адамдармен танысып, Ресей чемпионатын ішінен көруге мүмкіндік алдым. Бұл маңызды тәжірибе. Алайда қазір үзіліс алып, алға қадам басу керек. Бір апта бұрын, жаңа бапкер тағайындалатынын естіген кезде көмекші ретінде қалмайтынымды білдім. Қазір маған бұл қызмет қатты қызық емес. Ары қарай даму керек", - деп келтіреді Бабаянның сөзін "Чемпионат" порталы. 

Еске салайық, осыған дейін Бабаянға ҚПЛ-да ойнайтын бірнеше команда қызығушылық білдіріп жатыр деген ақпарат шықты. 42 жастағы маман Қазақстанда "Алма-Ата", "Астана" және "Тобыл" командаларында жұмыс істеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама