Григорий Бабаян Қазақстан құрамасының бас бапкері бола ма? Маманның өзі жауап берді

©"Тобыл" ФК

Мәскеулік ЦСКА командасының жаттықтырушысы Григорий Бабаян Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне келуге қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Менің клубпен мамырдың соңына дейін келісімшартым бар. Сондықтан қазір бар ойым осы ЦСКА командасымен байланысты", - деді Бабаян "Чемпионат" порталына берген сұқбатында. 

Еске салайық, KazFootball.kz порталының ақпараты бойынша, құраманың қазіргі бапкері Андрей Карпович қызметінде қалмайды. Осыған байланысты да Қазақстан футбол федерациясы Григорий Бабаянға ұсыныс жасаған. Қазіргі уақытта маман ойланып жатыр екен. 

Айта кетейік, 2008 және 2014 жылдар аралығында Бабаян ұлттық құраманың бапкерлері қатарында болған еді. Кейін ол "Астана" және "Тобыл" командаларында жұмыс істеген. 

Бұрнағы күні қазақстандық маман мәскеулік ЦСКА командасы сапында Алексей Березуцскийдің көмекшісі қызметін атқарады. Мәскеулік командамен оның келісімшарты биыл мамырдың соңында аяқталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport