Григорий Бабаян "Астанаға" қайта келуі мүмкін

©fcastana

"Астана" футбол клубы Григорий Бабаянға командада қайта жұмыс істеуге ұсыныс жасады. Бұл туралы Vesti.kz сайтына мәлімет көзі хабарлап отыр.

Андрей Тихонов елордалық ұжымнан кеткен соң клуб басшылығының бірнеше кандидатурасы бар. Алайда ол жаттықтырушылардың көбінде үлкен командалармен жұмыс істеу тәжірибесі жоқ.

Осы орайда Бабаян 2012-2019 жылдары "Астана" командасында бас бапкердің көмекшісі әрі бас бапкер ретінде қызмет атқарды. Осы уақыт аралығында "Астана" Қазақстан чемпионатын бес мәрте жеңді. Еуропа Лигасы мен Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне төрт рет шықты. Сонымен қатар, Қазақстан Кубогі мен Суперкубокті бірнеше рет ұтқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: