Грекиялық бапкер Қазақстанмен ойын алдында өз құрамасын "сақтандырды"

©PAOK FC

"Панетоликос" командасының бас бапкері Яннис Петракис Ұлттар лигасы плей-офф кезеңіндегі Грекия мен Қазақстан матчіне қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.

"Бұл бір ойын, басқа мүмкіндік болмайды. Футболда көптеген факторлар болып жатады, ал соның бірі маңызды рөл атқарып кетуі мүмкін. Ол біздің жұмысымыздың шеңберінен тыс дүниелер. Мәселен, жарақат, күтпеген гол, жоспарланбаған дүние, ол кезде осымен күресу керек болады. Осы үшін өте абай болуымыз қажет. Біз жақсырақ ойнаймыз деп ойлаймын, іріктеуден өтеміз, тек осыны алаңда көрсету қажет", - деп береді маманның сөзін Metrosport.gr.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport