Грекия мен Украина чемпионы карьерасын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

Евгений Хачериди. Сурет: "Динамо" ФК (Киев)©

Украина құрамасының бұрынғы футболшысы Евгений Хачериди карьерасын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы "Динамо Киев Inside" телеграм арнасы хабарлап отыр. 

33 жастағы ойыншы Украина чемпионатында өнер көрсетпейтін сияқты. Ендігіде ол Әзірбайжан немесе Қазақстанға ауысуы ықтимал. Өйткені Хачеридидің еңбекақылық сұранысына УПЛ-дің ешбір клубы жауап бермеген. 

Хачериди 2007-2018 жылдар аралығы "Динамо" сапында ойнап, командамен бірге ұлттық чемпионатты үш рет ұтқан. Сонымен бірге, 2018/19 маусымда ПАОК командасымен Грекия чемпионы болған. 

Украина құрамасы үшін 51 өткізіп, үш гол салған (2009-2018 жылдары).