Головкинмен? Рахмонов америкалық қарсыласына қалай дайындалатынын айтты

©instagram.com/shavkatrakhmonov94/

UFC ұйымында өнер көрсететін Шавкат Рахмонов (16-0) "Вестник MMA" порталына берген сұқбатында америкалық Джефф Нилге (15-4) қарсы кездесу туралы ойын айтты. 

Бұл кездесу 2023 жылдың 15 қаңтарында Лас-Вегас қаласындағы "Арех-Аренада" өтуі мүмкін. 

- Сіздің келесі қарсыласыңыз Джефф Нил. Сіздер Twitter желісінде пікір алмасып үлгердіңіздер. Жалпы қарсыласыңыз туралы не айтасыз?

- Соққысы мықты спортшы. Ол рейтингте жәйден-жәй алтыншы тұрған жоқ. Менен жоғары орналасқан. Мен үшін жақсы сынақ болады. 

- Бұл кездесуге Алматыда дайындаласыз ба?

- Әзірше Алматыда. Айқасқа бір ай қалғанда Америкаға, жекпе-жек өтетін жерге барып дайындықты жалғастырамын. 

- Америкада қай залда?

- Бұрынғыша Майами қаласындағы Stanford MMA залында. 

- Танымал қазақстандық боксшыларды жаттығуға шақырасыз ба? Головкинмен жаттықтасаңыз қызық болар еді ...

- Жалпы боксшылар бізге керек емес. Тек екі-үшеуі ғана болмаса. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар