Голландиялық бапкер Гус Хиддинк Ресей футболын "Қайрат" ойыншысымен байланыстырды

©Globallookpress

Ресей құрамасының бұрынғы бас бапкері Гус Хиддинк ресейлік футбол десе оның ойына бірден "Зенит", "Арсенал" және "Қайраттың" бұрынғы футболшысы Андрей Аршавин есіне түсетінін айтты, деп хабарлайды "РБ-Спорт".

"Ресей футболын кіммен байланыстырамын? Андрей Аршавинмен. Ол мен және ресейліктер үшін мықты ойыншы", - дейді маман. 

Хиддинк Ресей командасын 2006 мен 2010 жылдар аралығы жаттықтырған. Ал 41 жастағы Аршавин 2016-2018 жылдары алматылық "Қайратта" ойнаған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport