Голландиялық АЗ Еуропа лигасындағы "Астанамен" матчке 19 ойыншы алып келді

© "АЗ Алкмар" ФК
Голландиялық "АЗ Алкмар" футбол клубы Еуропа лигасы топтық кезеңінің төртінші туры аясында "Астанамен" матч өткізуге "Нұр-сұлтанға" келіп жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын 7 қараша "Астана-Аренада" өтеді, басталуы жергілікті уақытпен 21:50. Кездесуді QazSport арнасынан тікелей тамашалауға болады. 

Бұл ойынға А 19 футболшыны алып келген:
қақпашылар: Марко Бизот, Роди де Бур, Яспер Схенделаар;
қорғаушылар: Юнас Свенссон, Оуэн Вайндал, Стейн Вейтенс, Пантелис Хадзидиакос, Томас Оуведжан, Юкинари Сугавара;
жартылай қорғаушылар: Фредрик Мидтше, Теун Коопмейнерс, Дани де Вит, Йорди Класи, Тиджани Рейндерс;
шабуылшылар: Келвин Стенгс, Уссама Идрисси, Мирон Боаду, Ферди Дрейф, Закария Абухляль.