"Барселона" ойыншысы Еуропа Лигасының матчынан кейін көзіне жас алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
1/16 турниріндегі "Барселона" мен "Наполи" арасындағы кездесуде Торрес 11 метрлік айып добын мүлтіксіз орындап шықты. Алайда ойын барысында төрт рет гол салатын керемет мүмкіндігін жіберіп алды.
"Камп Ноуда" қонақтар бірінші болып есеп ашты. 29-минутта Петр Зелинский гол авторы атанды. Алаң иелерінен екіші таймда Ферран Торрес ерекшеленді. Оның өзінде пенальти болғанын айта кеткен жөн. Қорытынды есеп 1:1.
Ойыннан кейін жасын тыя алмаған футболшыны жұбату үшін "бланкостың" ғана емес, сонымен қоса, "Наполи" ойыншылары да қолдау көрсетті. Өткен маусымда "Манчестер Ситиден" ауысып келген Торрес Ла Лигада биыл үш кездесу өткізді.