Globe Soccer Awards тарихтағы ең мықты бомбардирді анықтады

28 желтоқсан 2021 10:38
©FootBoom

Португалия құрамасы мен "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду Globe Soccer Awards бойынша тарихтағы ең мықты бомбардир деп мойындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы ақпарат Twitter-де жарияланды.

Спортшы марапаттау рәсіміне өзі қатыса алмады, бірақ видеохабарлама жолдады. Ол ұйымдастырушылар мен жанкүйерлерге алғысын білдірді. Сыйлық оның агенті Жорже Мендешке табысталды.

Дубайда өткен Globe Soccer Awards сыйының өзге жеңімпаздары:

 "Челси" - 2021 ең мықты ерлер клубы

Италия құрамасы - ең үздік ұлттық команда

Леонардо Бонуччи, "Ювентус" - жылдың ең үздік қорғаушысы 

Килиан Мбаппе, ПСЖ - жылдың ең мықты футболшысы

Роберт Левандовски, "Бавария" - жанкүйерлер нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы және ең мықты бомбардир

Роберто Манчини, Италия Құрамасы - жылдың ең мықты бапкері

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport