Футбол
Кеше 19:24

Гиннес рекордтар кітабы футбол тарихындағы ең жылдам голды тіркеді

©guinnessworldrecords.com

Шотландиялық "Селтик" клубының ойыншысы Мария Макэнени әйелдер футболындағы ең жылдам голдың авторы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Макэненидің рекордтық голы өткен жылдың желтоқсан айында "Селтик" – "Хиберниан Вумен" матчында соғылған. Енді бұл жетістік ресми түрде тіркелді.

Ол ойынның ысқырығы шалынысымен допты қарсылас қақпасына тікелей бағыттады. Нәтижесінде 4,1 секунд ішінде гол соқты. 

Айта кетейік, бұл нәтиже ерлер арасындағы рекордтан тек 1,3 секундқа ғана аз. 1998 жылдан бері ерлер арасындағы ең жылдам голды уругвайлық Рикардо Оливера 2,8 секундта соғып, сақтап отыр. 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport