Футбол
30 қаңтар 2019 17:35
 
"Германияның үздік шабуылшысын" Қатйға сатып жіберген "Бавария" шығынға батты

  Пікірлер

blog.share

"Германияның үздік шабуылшысын" Қатйға сатып жіберген "Бавария" шығынға батты © footballhd.ru

"Бавария" шабуылшысы Сандро Вагнер карьерасын қытайлық "Тяньцзинь Теда" клубында жалғастырады. Бұл туралы мюнхендік команданың твиттер желісінде жарияланды. 

31 жастағы футболшымен келісімшарт екі жылға есептелген. Тransfermarkt.de мәліметі бойынша, қытайлар Вагнер трансфері үшін 5 миллион еуро берген. 

Биылғы маусымда Вагнер "Бавария" үшін барлық турнирде 12 матч өткізіп, бір гол соқты. Мюнхендік команда футболышыны былтыр "Хоффенхаймнен" 13 миллион еуроға алған еді.

Вагнер "Бавария" сапында екі дүркін Германия чемпионы атанған (2008 және 2018 жыл). Былтыр қаңтарда Вагнер 2008 жылы тастап кеткен мюнхендік клуб сапына оралды.

Мұның алдында Вагенр өзін "Германияның үздік шабуылшысы" деп атаған. Бундеслиганың 2017/18 маусымында ол "Бавария" үшін 25 матчте 12 гол соққан. Алайда Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лев оны Ресейде өткен 2018 жылғы әлем чемпионатына алмады. Осыдан кейін форвард ұлттық құрама сапынан кететінін мәлімдеді. 

Жарнама

Живи спортом!