| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 13:16
 

Германияның ӘЧ-2026-дан шығып қалуына кінәлі адам табылды

  Пікірлер

blog.share

Германияның ӘЧ-2026-дан шығып қалуына кінәлі адам табылды ©Depositphotos/canno73

Германия құрамасының қорғаушысы Йозуа Киммих Парагвайдан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Парагвайдан ұтылып, команданың турнирден ерте шығып қалуына қатысты жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Германия құрамасының қорғаушысы Йозуа Киммих Парагвайдан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Парагвайдан ұтылып, команданың турнирден ерте шығып қалуына қатысты жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Германия құрамасының капитаны команда жанкүйерлердің үмітін ақтай алмағанын және елге мақтаныш сыйлайтын нәтиже көрсете алмағанын айтты.

"Біз Германия халқы бізді мақтан тұтуы үшін ойнаймыз. Бала кезімде Германия құрамасының үнемі жартылай финал мен финалға шыққанын көріп өстім. Өкінішке қарай, біз елдегі жанкүйерлерге сондай қуаныш сыйлай алмадық. Қазір Германия халқына мақтан ететін дүние ауадай қажет деп ойлаймын, бірақ біз ондай команда бола алмадық.

Біз, футболшылар, өз міндетімізді орындай алмадық және барлық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Бұған бас бапкер де, БАҚ та, төреші де, қарсылас та кінәлі емес. Кінәлі тек біз", — деп береді Киммихтің сөзін De Marke Sports.

Еске салайық, Германия құрамасы ӘЧ-2026 додасындағы өнерін Парагвайдан драмалық түрде жеңілгеннен кейін аяқтады. Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен аяқталса, пенальти сериясында оңтүстікамерикалықтар 4:3 есебімен басым түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!