Эквадор құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Осылайша, Эквадор өз тобында үшінші орын алған командалар арасында 1/16 финалға шығуға кепілдік алған екінші құрама атанды.
Эквадорлықтар үшін шешуші матч топтық кезеңнің соңғы турында өтті. Олар сенсациялық түрде Германия құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Бұған дейін Эквадор Кот-д’Ивуардан 0:1 есебімен үтылып, Кюрасаомен 0:0 есебімен тең түскен болатын.
Е тобының қорытындысында Эквадор Германия мен Кот-д’Ивуардан кейін үшінші орынға тұрақтады. Ал Кюрасао соңғы орынға жайғасты.
Бұған дейін топтағы үшінші орыннан плей-оффқа өткен алғашқы құрама Босния және Герцеговина болған еді.
Үш турдың қорытындысы бойынша Эквадор төрт ұпай жинап, үшінші орын алған үздік құрамалар рейтингінде Босния және Герцеговинаны басып озды.
Жарнама