Германиямен тең түскен Англия ойыншылары Қазақстан құрамасымен кездесуі мүмкін

27 қыркүйек 2022 03:12
©АР

Футболдан Англия мен Германия матчі тең есеппен аяқталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Ұлттар лигасы аясындағы ойынның бірінші таймында есеп ашылмаса, үзілістен кейін командалар алты гол салды. Алдымен немістер сапында Илкай Гюндоган (52-минут, пенальти) мен Кай Хаверц (67-минут) ағылшын жанкүйерлерін үнсіз қалдырса, алаң иелері қатарынан үш рет гол соқты. Гарет Саутгейт командасының сапында Люк Шоу (71-минут), Мейсон Маунт (75-минут) және Харри Кейндер (83-минут, пенальти) ерекшеленді. Алайда 87-минутта Кай Хаверц таразы басын қайта теңестіре алды.

Осылайша, А лигасының үшінші тобында Англия 3 ұпаймен ең соңғы орында қалды. Нәтижесінде ағылшын командасы В лигасына түсіп қалды. Ал С лигасында көш бастаған "қаршығалар" енді келесі іріктеу кезеңінде В лигасында өнер көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport