Германиялық клуб ойыншысы допты қарсыласын мазақ етіп салғаны үшін жазаланды

7 желтоқсан 2020 12:47
Сурет: thecanadian.news

"Штутгарт" шабуылшысы Силла Вамангитука Бундеслиганың оныншы турындағы "Вердермен" матчте (2:1) дубль жасады. Екінші голды конголезиялық футболшы қосымша уақытта салды.

"Вердер" қорғаушысының сәтсіз пасынан кейін Вамангитука допты алып қойып, қақпашы мен өзге қарсыластарын алдап өтті де, допты қақпа бойының сызығында голкипер қайта жақындағанға дейін ұстап тұрды, содан кейін ғана гол салды. 

"Вердер" ойыншыларының бірі Вамангитукаға наразылығын білдірді, ал төреші сары қағаз көрсетті.

Осы маусымда Вамангитука "Штутгарт" үшін 11 матчте алты гол салып, екі нәтижелі пас берді.

Жаңалықтар