Германиялық клуб 33 жылда алғаш рет Бундеслигадан шығып қалды

Сурет: Football.ua

"Арминиядан" ұтылған "Шалке" ресми түрде Бундеслигадан шығып қалды, деп хабарлайды Sport24.

30-шы тур кездесуі Билефельдте өтіп, гельзенкирхендік команда 0:1 есебімен ұтылды.

"Шальке" 30 матчте 13 ұпай ғана жинап, турнир кестесінде соңғы тұр. Шешуші матчтерде ойнауға мүмкіндік беретін 16-шы орынға жету үшін кемі 13 ұпай қажет, алайда, команда маусым соңына дейін ары кетсе 12 балл жинай алады.

Осылайша, "Шальке" 33 жылда алғаш рет Бундеслигадан шығып қалып отыр. Соңғы рет мұндай 1987/88 жылғы маусымда болған.

2007 жылдан бастап команданың бас демеушісі "Газпром".