Германиялық футболшы Қазақстан құрамасында ойнау үшін миллион доллар талап етті

©"Арсенал" ФК

Германиялық қорғаушы Роберт Бауэр футболдан Қазақстан құрамасында неге ойнамайтыны белгілі болды. Футболшы осыған дейін ҚФФ-мен келіссөз жүргізген еді.

Meta-ratings.kz мәліметінше, 26 жастағы футболшының өкілдері азаматтық ауыстыру үшін миллион доллар сұраған. Ал федерация өкілдері ойыншылар ұлттық командада ақша үшін өнер көрсетпеу керек деп есептеп, ары қарайғы келіссөзді тоқтатты.

Еске салайық, тамыз айында германиялық футболшы Қазақстан құрамасына қосылады деген ақпарат тараған болатын. Бауэр кейінгі екі маусымды Ресей премьар-лигасында өткізіп, тулалық "Арсенал" және мәскеулік "Спартакта" ойнады. 

Роберт Германияға 1994 жылы көшіп барған қазақстандық эмигранттардың отбасында дүниеге келген. 2015 жылы оны бір рет құрамаға шақырған. Ол кезде футболшы ұсыныстан бас тартқан еді, ал кейін ұлттық құрама үшін ойнауға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар