Мюнхендік "Баварияның" жартылай қорғаушысы Серж Гнабри 2026 жылы "Алтын доп" жүлдесіне кім лайық екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
31 жастағы германиялық футболшы бұл марапаттың өз командасындағы әріптесі Харри Кейнге бұйырғанын қалайтынын мойындады.
Гнабридің пікірінше, Кейн жоғары нәтижелілігі мен команданың жетістіктеріне қосқан үлесінің арқасында "Алтын допқа" лайық.
"Бұл жүлдені Харри Кейн алады деп үміттенемін. Оның жеңіске жеткені керемет болар еді. Командадағы әріптесіңе әрдайым осындай жақсылық тілейсің. Ол биыл керемет маусым өткізді. Сондықтан менің ойымша, ол "Алтын допты" иелену үшін жеткілікті еңбек сіңірді", - деді Гнабри TNT Sports басылымына берген сұхбатында.
2025/26 жылғы маусымда Кейн "Бавария" сапында 61 гол соғып, клубтың Германия чемпионатында, ел кубогы мен Суперкубогында жеңіске жетуіне көмектесті. Англия құрамасымен бірге ол 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетті. Алайда ағылшындар бұл кезеңде Аргентинадан жеңілді. Қола жүлде үшін өткен матчта Англия құрамасы Францияны 6:4 есебімен ұтты.
2026/27 жылғы маусымда да Кейн жоғары нәтижелілігін жалғастырды. Барлық турнирдегі алғашқы он матчта ол тоғыз гол соғып, алты нәтижелі пас берді.
"Алтын допты" тапсыру рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Кейн жүлдеге үміткер 30 футболшының қатарына енді.
Қазіргі таңда "Алтын доптың" иегері - ПСЖ мен Франция құрамасының вингері Усман Дембеле.