Футбол
14 қараша 10:08

Германия скауттары матчты тамашалап Қазақстан құарамасынан екі жас талантты тапты

©KazFootball.kz

Германиядан келген бірнеше скаут Қазақстанның U-19 жасөспірімдер құрамасының Ирландияға қарсы өткен ойынын тамашалап, "Қайрат" академиясының екі ойыншысына көз салып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан Ирландияны 1:0 есебімен ұтты, ал жеңіс голын Азамат Тұяқбаев соқты. Дәл осы футболшыны Германия скауттары ерекше бақылауға алды. Олар Нидерландыда өткен матчқа арнайы келіп қатысты.


Тұяқбаевтан бөлек, Қазақстан сапында "Қайрат" қорғаушысы Әкежан Қалиқұлов та скауттардың назарына түсті.

Қызығы, биыл Қалиқұлов ресми түрде ProSports Management агенттігімен жұмыс істей бастады. Бұл агенттікті Герман Ткаченко басқарады - ол Дастан Сәтбаевтың "Челси" клубына ауысуына маңызды үлес қосқан тұлға.


Тұяқбаев биыл "Қайраттың" негізгі командасына да шақырылған болатын: ол КПЛ-де үш матч өткізді, "Жетісу" қақпасына дебюттік гол соқты және Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі "Пафоспен" өткен ойынға қатысты. 

17 жастағы Қалиқұлов әзірге бірінші лигада "Қайрат-Жастар" сапында ғана ойнады (10 матч, 1 гол). Соған қарамастан, ол 2025 маусымының қорытындысы бойынша QJ League-де үздік қорғаушы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport