Футболдан Германия құрамасы өз жерінде өтіп жатқан Еуропа чемпионатының ширек финалына өтті, деп жазады Vesti.kz.
1/8 финалда Юлиан Нагельсман жаттықтыратын команда Данияны 2:0 есебімен ұтты.
Кай Хаверц 53-минутта пенальтиден гол салды. 11-метрлік айып добы VAR жүесінің көмегімен Йоаким Андерсеннің қолымен ойнағанына байланысты тағайындалды.
68-минутта Нико Шлоттербек шығарған пастан Джамаль Мусиала Дания қақпасына допты дәл бағыттады.