Германия құрамасының капитаны Йозуа Киммих 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Эквадормен матчтегі сенсациялық жеңілістің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай қорғаушының айтуынша, бұл кездесуде қарсылас жеңіске көбірек лайық болды және жоғары мотивация көрсетті.
"Атмосфера керемет болды, Эквадор жанкүйерлері өте көп келді. Бүгін қарсылас бізден гөрі жеңіске көбірек ұмтылды. Әсіресе бұл екінші таймда анық байқалды. Олар бұл жеңіске әбден лайық болды", – деді Киммих DAZN-ға берген сұхбатында.
Еске салайық, Германия құрамасы Эквадордан 1:2 есебімен ұтылды. Соған қарамастан германиялықтар плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Эквадор үшінші орын иеленген үздік командалардың бірі ретінде 1/16 финалға өтіп, әлем чемпионатындағы жорығын жалғастырады.
Жарнама