Футболдан Германия құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде жарты сағаттың ішінде Румыния құрамасынан жеңісті жұлып алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Кездесудегі есепті румыниялық футболшылар ашты. Ойынның 9-минутында Янис Хаджи гол соқты. Ал Германия құрамасы екінші таймда жеңісті жұлып алды. Алдымен 52-минутта Серж Гнабри таразы басын теңестірсе, 81-минутта Томас Мюллер жеңіс голын салды.
Бұл ойыннан кейін әлемнің төрт дүркін чемпиондары 18 ұпай иеленіп, J тобында жеке-дара көш бастап тұр. Екінші және үшінші сатыда Солтүстік Македония мен Армения құрамалары орналасқан. Екі ұжымда да 12 ұпайдан. Он ұпай жинаған Румыния құрамасы төртінші орынға жайғасқан.