Германия автогол кесірінен Еуро-2020 матчінде Франциядан ұтылды

сурет: gatty image

F тобының екінші ойыны Франция мен Германия құрамалары арасында өтті. Соңғы екі әлем біріншіліктерінің қос бірдей чемпиондары арасындағы матчта жазлғыз гол соғылды. Оның өзінде доп қорғаушыға тиіп, ұшу бағыты өзгерген. Автогол авторы Матц Хуммельц.

Венгрияны сырт алаңда 0:3 есебімен ұтқан Португалия командасы F тобының көшін бастаса, Бундестимді бір доп айырмашылығымен жеңген француздар екінші орынға жайғасқан.

Венгрия мен Франция арасындағы кездесу 19-шы шілдеде өтсе, дәл сол күні португалиялықтар мен немістер өзара мықтыны анықтайды.

Метки: