Германия әлем чемпионатына мерзімінен бұрын іріктеліп шықты

©СЭ

Футболдан Германия құрамасы 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына мерзімінен бұрын іріктелген жаһандағы жалғыз команда болып отыр.

Іріктеу кезеңінің сегізінші тур матчінде немістер сырт алаңда Солтүстік Македонияны 4:0 есебімен тас-талқан етті. Осылайша, J тобында мерзімінен бұрын бірінші орынға ие болып отыр, ал бұл орын Катардағы турнирге тікелей жолдама береді.

Ханс-Дитер Флик шәкірттері J тобындағыларды шаңына ілестірмей отыр. Қатар өткен матчте Румыния құрамасы Арменияны ұтты (1:0), ал Исландия командасы Лихтенштейнді ойсыратты (4:0). Іріктеу кезеңі аяқталардан екі тур бұрын немістер 21 ұпай жинады, бұл екінші орындағы Румыниядан сегіз баллға көп.

Сонымен бірге, Катардың өз құрамасы да әлем чемпионатына кепілді түрде қатысады - ұйымдастырушы ел құқығында. Турнир 2022 жылы 21 қазан мен 12 желтоқсан аралығы өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport