Германия құрамасының бас бапкері Юлиан Нагельсманн 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Құрамға Мюнхеннің “Бавария” клубының 40 жастағы қақпашысы Мануэль Нойер де кірді. Тәжірибелі голкипер Еуро-2024 турнирінен кейін ұлттық құрама сапында алаңға шықпаған еді.
ЧМ-2026 турниріне арналған Германия құрамасының тізімі:
Қақпашылар:
Оливер Бауманн (“Хоффенхайм”), Мануэль Нойер (“Бавария”), Александер Нюбель (“Штутгарт”).
Қорғаушылар:
Вальдемар Антон, Нико Шлоттербек (екеуі де — “Боруссия” Дортмунд), Натаниэль Браун (“Айнтрахт” Франкфурт), Давид Раум (“РБ Лейпциг”), Антонио Рюдигер (“Реал”, Испания), Джонатан Та (“Бавария”), Малик Тшау (“Ньюкасл”, Англия).
Жартылай қорғаушылар:
Паскаль Гросс (“Брайтон”, Англия), Йозуа Киммих, Александер Павлович, Леон Горецка, Джамал Мусиала, Леннарт Карл (барлығы — “Бавария”), Феликс Нмеча (“Боруссия” Дортмунд), Ангело Штиллер (“Штутгарт”), Надим Амири (“Майнц”), Флориан Виртц (“Ливерпуль”, Англия).
Шабуылшылар:
Максимилиан Байер (“Боруссия” Дортмунд), Кай Хавертц (“Арсенал”), Джейми Левелинг, Дениз Ундав (екеуі де — “Штутгарт”), Лерой Сане (“Галатасарай”, Түркия), Ник Вольтемаде (“Ньюкасл”, Англия).
Топтық кезеңде “бундестим” Е тобында Кот-д’Ивуар, Эквадор және Кюрасао құрамаларымен кездеседі.
Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Турнир тарихта алғаш рет бірден үш елде - АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.
Бұған дейін Мысыр командасы әлем біріншілігіне қатысатын құрамын жариялаған болатын.
Жарнама