Георгий Жуков Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды

Сурет: ҚФФ

Польшаның "Висла" командасында өнер көрсететін жартылай қорғаушы Қазақстан құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Георгий Жуковты ұлттық құрама қатарына қайта шақырды. Ол еліміздің басты командасында 15 ойын өткізген. Георгий соңғы рет 2019 жылдың 13 қазан күні Бельгияға қарсы матчта алаңға шыққан еді.

Жуков Польша чемпионатында өнер көрсететін "Висла" Краков командасында ойнайды. Биылғы маусымда 2 ойынға да қатысқанын айта кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: