Генрих Мхитарян мансабын Италияның басқа командасында жалғастырады
Армениялық жартылай қорғаушы Генрих Мхитарян "Интерге" ауысу туралы шешім қабылдады. Футболшы келесі аптада медициналық тексерістен өтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.
Армениялық жартылай қорғаушы Генрих Мхитарян "Интерге" ауысу туралы шешім қабылдады. Футболшы келесі аптада медициналық тексерістен өтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.
Еркін агент атанған 33 жастағы Генрих "Интермен" екі жылдық келісімшартқа отырады, оның миландық клубтағы жылдық жалақысы 4,5 миллион еуроны құрамақ.
"Рома" сапында 2019 жылдан бері өнер көрсеткен Мхитарян команданың келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатыспауына байланысты келісімшартын ұзартудан бас тартқан.
Өткен маусымда армениялық жартылай қорғаушы 44 ойында 5 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді. 25 мамырда Мхитарян "Ромамен" Конференция лигасының жеңімпазы атанды.
Жарнама