Футбол
3 наурыз 2022 18:49

Генрих Мхитарян Армения құрамасындағы карьерасын аяқтады

©"Рома" ФК

Италиялық "Рома" командасының футболшысы Генрих Мхитарян Армения құрамасындағы карьерасын аяқтағанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ұлттық құрама сапындағы карьерасын аяқтағаны туралы Мхитарянның өзі Instagram парақшасында айтты. 

"95 ойын. Қиын да қызықты кезеңдер. Біз бұл уақыттың ішінде жеңіске де жеттік, жеңілдік те. Енді Армения құрамасы сапындағы карьерамды аяқтайтынымды хабарлмаймын. Мен мұндай шешімге қараша айында Германияға қарсы өткен кездесуден кейін келдім. Оны қазір хабарлаған ыңғайлы деп таптым. Ұлттық құрама сапында мен барлық күшімді сарп еттім. Алдағы уақытта бар назарымды клубтың деңгейдегі карьерама арнаймын", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 33 жастағы Мхитарян карьерасын еревандық "Пюник" сапында бастады. Кейін донецкілік "Шахтер" мен "Металлуарг", дортмундтық "Боруссия", ағылшындық "Манчестер Юнайтед" пен "Арсенал" сапында ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport