Футбол
11 желтоқсан 2022 22:02

Гарри Магуайер Францияға қарсы кездесуде төреші дұрыс жұмыс істемегенін айтты

©instagram.com/harrymaguire93

"Манчестер Юнайтед" пен Англия құрамасының қорғаушысы Гарри Магуайер әлем чемпионатының ширек финалында Францияға қарсы матчта қызмет еткен төрешінің жұмысына көңілі толмайтынын айтты, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

"Футболшылар үнемі сынның астына қалып жатады. Ал төрешілер ше? Төрешілер ойыннан кейін ортаға шығып, матчты қалай өткізгені туралы пікірін айта ма? Өткен ойынның бірінші таймында төреші Францияның пайдасы үшін көп шешім қабылдады. Ал Англия құрамасына қарсы бес не алты фолды көрмеді. Кейін тағы ереже бұзылды. Иә, бұл жағдай айып алаңының сыртында болды. Бірақ фол болғаны анық. Төреші екінші таймда пенальти туралы шешімді бірден шығармады. Букайоны құлатқаны анық. Маңызды матч болды. Сондықтан төрешінің әрбір шешімі маңызды болды. Өкінішке қарай, бұл ойында төрешінің жұмысы мықты болмады", - деді Магуайер. 

Еске салайық, бұл кездеуде Франция құрамасы 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Енді жартылай финалда Франция Мароккомен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport