Футбол
28 қыркүйек 2022 02:57

Гарет Саутгейт қызметінен кетуі мүмкін

©globallookpress.com

Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт Катардағы әлем чемпионаты аяқталған соң қызметінен кетуі мүмкін, деп жазады The Telegraph.

Саутгейттің келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін жасалған. Бапкердің жылдық табысы бес миллион фунт стерлингтің шамасында.

2022 жылғы мундиальда Англия бір топта АҚШ, Иран және Уэльс командаларымен кездеседі.

Еске салайық, Англия құрамасы Ұлттар лигасында сәтсіз өнер көрсетіп, А лигасынан В лигасына түсіп қалды. Нәтижесінде ағылшындар өз тарихында тұңғыш рет В лигасына жолдама алған Қазақстан құрамасымен бір топта кездесіп қалуы мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport