Гарет Бэйл "Реал" командасынан ресми кеткенін хабарлады

©Reuters

Уэльс құрамасының шабуылшысы Гарет Бэйл "Реал" сапынан кетті. Бұл туралы футболшының өзі әлеуметтік желісінде жариялады. 

"Мен бұл хатты барлық командаластарыма алғыс айту үшін жазып отырмын. Сонымен қатар, жанкүйерлерге де рақметімді айтамын. 

"Реал" сапына мен осыдан тоғыз жыл бұрын, жас бала болып армандарымды орындауға келдім. Мен шынымен "Реал" жейдесін киіп, "Сантьяго Бернабеуде" ойнағым келді. 

Қазір артқа қарап отырып, арманым орындалды дей аламын. Тіпті мен ойлағаннан да еселей көп болып орындалды. Барлықтарыңызға рақмет", - деп жазды Бэйл. 

Еске салайық, Бэйл "Реал" сапына 2013 жылы ауысып келді. Ол мадридтік командамен Испания чемпионы (2016/2017, 2019/2020, 2021/2022), Чемпиондар лигасы (2013/2014, 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018, 2021/2022) және басқа кубоктарды жеңіп алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport