33 жастағы Гарет Бэйл Катардағы әлем чемпионатынан шығып қалғанына қарамастан Уэлс құрамасы үшін ойнай бермек, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қолымнан келгенше және керек болғанша құрама сапында өнер көрсете беремін.
Қазір команда үшін қиын уақыт екені белгілі, бірақ, біз ілгерлей беруіміз керек. Наурызда бізде Еуро-2024 турниріне іріктеу бар", - деп береді BBC Sport.
Мұның алдында Катардағы мундиальдан кейін Бэйл құрама сапындағы карьерасын аяқтайды деген сыбыс шыққан болатын.
Айта кетейік, Уэлс командасы АҚШ (1:1), Иран (0:2) және Англиядан (0:3) да ұтылып, жарыстан шығып қалды.