Уэльс құрамасы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде бірінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бакуде өткен екінші тур матчінде валлиялықтар Түркия құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Аарон Рэмзи 42-ші минутта Гарет Бэйлдің алыстан берген пасынан гол салды.
61-ші минутта Гарет Бэйл пенальти тепті, алайда, қақпадан асырып жіберді.
Ал қосымша уақытта 90+5-ші минутта Бэйл бұрыштан ойынға қосылған допты Коннор Робертске берді, ол өз кезегінде гол сала алды.
Осылайша, Уэльс төрт ұпай жинап А тобында екінші орынға көтерілді, ал екі рет ұтылған Түркия соңғы болып тұр.
Келесі ойынды Уэльс 20-маусым Италиямен, ал Түркия құрамасы Швейцарияға қарсы өткізеді.