Футбол
26 наурыз 12:00

Ғалымжан Кенжебек ҚПЛ-ге қайта оралуы мүмкін

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек отандық клубтардың біріне ауысып келуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz

Ғалымжан Кенжебек ойын деңгейінің төмендеуіне байланысты Ресей чемпионатынан Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралуы ықтимал, деп жазады eldar_amanvibe арнасы.

«Көпшілік жуырда ғана бельгиялықтарды қапы қалдырған Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Намибияға қарсы ойында өз деңгейінен төмен өнер көрсеткенін байқады. Әңгіме вингер Ғалымжан Кенжебек туралы. Қыста Қазақстанның ең талантты футболшыларының бірі ҚПЛ-дан РПЛ-ға ауысып, Ахмат клубына өтті. Команда ауыстыру, әсіресе чемпионатты өзгерту – әрқашан қиын процесс», – делінген дереккөзде.

Футболшыны қазақстандық клубтардың бірі жалға алуы бек мүмкін.

«Менің мәліметім бойынша, қазір футболшыға ҚПЛ-дың екі клубы қызығушылық танытып отыр: Ордабасы және Актобе. Шымкенттік клуб ойыншыны жалға алу нұсқасын қарастыруда және оны осы трансферлік терезеде қайтарғысы келеді. Алайда тағы бір үміткер бар – Елимай. Андрей Карпович жаттықтыратын команда ойыншыны қайтару мүмкіндігін алдын ала қарастырған. Оның үстіне, Кенжебек Қазақстанға оралған жағдайда дәл осы клубта ойнағысы келетінін бірнеше рет айтқан. Егер РПЛ-да жағдайы ойдағыдай болмаса, футболшы еурокубоктар қарсаңында өзіне таныс ұжымға қайта оралуы мүмкін, - дейді дереккөз. 

Айта кетейік, кеше Ғалымжан ұлттық құрама сапында Намибияға қарсы ойынға негізгі құрамда алаңға шығып, 77 минут ойнады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport