"Галатасарай" ойыншысы матч үстінде командаласымен төбелесті

Видеодан алынған кадр

Түркия суперлигасының "Гиресунспор" өз алаңында "Галатасараймен" ойнаған бірінші тур матчінде келеңсіз оқиға болды. 

Ойынның 63-ші минутында бразилиялық қорғаушы Маркао өзінің командаласы - түркиялық қорғаушы Керем Актюркоглумен төбелесті. Түрік ойыншы бразилиялыққа тыныш деген белгі көрсетті, осыда кейін бетінен бірнеше соққы алды. 

Матч төрешісі оқиғаны түсіну үшін VAR жүйесін қолданды, осыдан кейін Маркао алаңнан қуылды, ал Актюркоглу алмастырылды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport